Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша i тоқсанда атқарылған жұмыс қорытындысы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша i тоқсанда атқарылған жұмыс қорытындысы

Әрбір азамат өмірге келген сәттен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен үздіксіз байланыста болады. Баланың тууын тіркеу, білім алу, жер телімін рәсімдеу, әлеуметтік көмекке жүгіну, денсаулық сақтау саласындағы қызметтер – мұның барлығы азаматтардың мемлекетпен күнделікті қарым-қатынасының нақты көрінісі. Сондықтан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімнің негізгі көрсеткіші болып табылады.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселесі ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында ерекше назарда.

Осы бағытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық департаменттері мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің заңнамаға сай, сапалы әрі қолжетімді көрсетілуін тұрақты бақылауда ұстап келеді.

Бүгінгі таңда елімізде 1323 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның 400-ге жуығы облыстық деңгейде жүзеге асырылады.

2026 жылдың I тоқсанында облыс бойынша барлығы 6 млн-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның 98%-ы электронды форматта ұсынылған. Бұл өз кезегінде өңірде цифрландыру деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

Сондай-ақ, Департаментпен мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасының сақталуына қатысты 78 бақылау іс-шарасы жүргізілді.

Оның ішінде профилактикалық бақылаулар, арыздар бойынша жоспардан тыс тексерулер және уәкілетті орган тапсырмалары бар.

Ең жиі анықталған бұзушылықтар қызмет көрсету тәртібін сақтамау, жұмыс мерзімін бұзу, қызмет көрсету мерзімін сақтамау бойынша орын алған.

Бұзушылықтардың басым бөлігі жер қатынастары, жеке тұлғаларды тіркеу және ауыл шаруашылығы салаларында тіркелген.

Бұдан бөлек, Департаменттің қарауына 212 өтініш түсіп, оның нәтижесінде 10 азаматтың құқығы толық көлемде қалпына келтірілді. Өтініштердің басым бөлігі жер қатынастары, еңбек және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ сәулет-қала құрылысы салаларына қатысты болды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты түрде түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда:

  • өңірлік «Turkistan TV» арнасында «Елге қызмет» арнайы бағдарламасының шығарылымы эфирге шықты;
  • мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен 47 семинар,
    5 тікелей эфир, 3 интернет-конференция және 54 жәрмеңке өткізілді;
  • 15 қоғамдық кеңес отырысы және 28 қоғамдық бақылау ұйымдастырылды;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін талдау нәтижесі бойынша 12 бастамашылық ұсыныс әзірленді.

Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері мен пікірлеріне жедел әрекет ету мақсатында «EgovKZBot 2.0» Telegram-боты арқылы
20 өтінішке түсіндірме берілді.

Аталған жұмыстар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, заңбұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл өз кезегінде халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Айта кету қажет, Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтерді жетілдіру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Ержан Нағызханұлы Қарымсақов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...