Атырау қаласында тұрғын үйді басқару мәселелері бойынша форум өтті

Атырау қаласында тұрғын үйді басқару мәселелері бойынша форум өтті

Атырау қаласында тұрғын үйді басқару мәселелері бойынша форум өтті Атырау қаласында «ҮЙДІ БАСҚАРУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК, СЕНІМ, НӘТИЖЕ» атты форум-семинар өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шара «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кездесуге «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Тұрғын үй қатынастары және нормативтік-техникалық реттеу департаментінің директоры Марғұлан Женісұлы Әбдікәрімов, Жамбыл қаласы әкімінің орынбасары Тілек Алдабергенұлы Махуов, депутаттар, салалық сарапшылар және басқарушы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруда ашықтықты арттыру және тұрғындардың белсенділігін күшейту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ «TURGYNDAR AMANATY» жобасы тұрғын үй секторын заманауи әрі тиімді басқару жүйесін дамытуға бағытталғаны атап өтілді.

Кездесу қорытындысында қатысушылар мемлекет, басқарушы ұйымдар және тұрғындардың бірлескен жұмысы тұрғын үй-коммуналдық жүйені одан әрі жетілдірудің негізгі факторы екеніне тоқталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ