Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларына арналған білім беру интенсиві өтті

Оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларына арналған білім беру интенсиві өтті

Павлодар қаласында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларын біріктірген «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар» атты білім беру интенсивінің қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты - мектеп оқушыларының көшбасшылық және шығармашылық құзыреттерін дамытуға арналған тиімді білім беру алаңын қалыптастыру. Интенсив аясында білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, тәжірибе алмасуға, оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды қалыптастыруға, сондай-ақ азаматтық белсенділікті арттырып, командалық жұмыс дағдыларын дамытуға жағдай жасалды.

Интенсивке 2025–2026 оқу жылының облыстық және қалалық кезеңдерінің жеңімпаздары атанған 80 өзін-өзі басқару президенті қатысты. Әр өңірден 15-17 жас аралығындағы төрт қатысушыдан іріктелді.

Бағдарлама аясында білім беру алаңдары, көшбасшылық пен өзін-өзі тануға арналған тренингтер мен шеберлік сабақтары, практикалық сессиялар, командалық квесттер мен дебаттар ұйымдастырылды. Қатысушылар сондай-ақ мектеп өміріндегі өзекті мәселелерді талқылап, «Шешімдер театры» және «Болашақ идеялары» атты креативті воркшоптарға қатысып, өз жобаларын, ұрандарын және бейнеүндеулерін әзірледі.

Сонымен қатар қатысушылар үшін мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды. Оқушылар Павлодар өңірінің маңызды нысандарын аралап, Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық драма театрында қойылым тамашалады.

Интенсив қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген кәсіп түрінде сатылым жыл бойы біркелкі болмайды. Белгілі бір тауарлар мен қызметтерге сұраныс мереке, оқу жылының басталуы, ауа райының...

Нарықтағы сұраныс үнемі бір деңгейде сақталмайды. Тұтынушылардың талғамы, маусымдық қажеттілік және жаңа өнімдерге қызығушылық өзгеріп отырады....

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы хирургтарының халықаралық қатысумен өтетін «Заманауи хирургияның өзекті мәселелері» атты республикалық...