Facebook-тің атауы Meta болып өзгерді

Facebook-тің атауы Meta болып өзгерді

Facebook-тің атауы Meta деп өзгерді. Бұл шешімді оның негізін қалаушы Марк Цукерберг ребрендингке арналған тұсаукесерде мәлімдеді, деп хабарлайды NO-COMMENT.

Өз сөзінде Цукерберг «Енді біз Мета деп аталамыз», - деді.

Сонымен қатар, компания негізін қалаушы көк түсті Mебиус лентасы түрінде салынған жаңа логотипін көрсетті. Атауын өзгерту арқылы компания бір ғана әлеуметтік желімен шектелмейтінін, WhatsApp, Instagram, Oculus және өзге де активтерді біріктіретін күш екенін көрсеткенді жөн санаған.

Компания жазда Facebook-тің Reality Labs құрамына кіретін «метағалам» әзірлеу тобын жинайтыны туралы хабарлаған еді. Ол топ виртуалды (VR) және кеңейтілген (AR) шынайы жобалармен жұмыс істейді.

Meta гректің μετα сөзінен шыққан, яғни «кейін» немесе «сыртта» дегенді білдіреді. Бұл брендтің символикасы – болашақта болатын нәрселерді белгілеу.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде «Мемлекеттік...

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан өңірлерінде жыл соңына дейін нефрология бойынша құзыреттілік орталықтарын ашуды, диализдік көмектің сапасын...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы...