Алматыда әскери-патриоттық мерекелік кездесу ұйымдастырылды

Алматыда әскери-патриоттық мерекелік кездесу ұйымдастырылды

Алматы қаласының Алатау ауданындағы №169 мектеп-лицейінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған «Ұландар – ер қорғаны» атты әскери-патриоттық іс-шара өтті. Тағылымды кездесу жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, әскери қызметтің маңызын түсіндіруге және тарихи жадыны дәріптеуге бағытталды.

Іс-шара барысында мектеп оқушылары мен әскери қызметшілер бірлесіп түрлі көрсетілімдер ұйымдастырды. Қатысушылар қаруды шашып-жинау бойынша өздерінің шеберліктерін көрсетіп, әскери дайындықтың негізгі элементтерімен таныстырды. Бұл оқушыларға әскери қызметтің жауапкершілігі мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Мерекелік бағдарлама әскери тәртіп пен рухты ғана емес, ұлттық құндылықтарды да дәріптеді. Сарбаздар домбырамен күй орындап, оқушылармен бірге патриоттық әндер шырқап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Мұндай шығармашылық кездесулер жастар мен әскери қызметшілер арасындағы байланысты нығайтып, ел қорғаушыларға деген құрметті арттыра түседі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай іс-шаралар жас буынның азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға, тарихи мұраны құрметтеуге және Отан алдындағы борышты сезінуге ықпал етеді. Сонымен қатар олар әскери мамандықтардың беделін арттырып, жастарды ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметке қызықтырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ