Шымкентте «DARA SHOW» өнер байқауының жеңімпаздары анықталды

Шымкентте «DARA SHOW» өнер байқауының жеңімпаздары анықталды

Шаһардағы Нұрсәт өнер мектебінде «ALEM ART» шығармашылық өнер орталығының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары арасында «DARA SHOW» республикалық өнер байқауы өтті. Іс-шара 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай дарынды, талантты, зерек балаларды ынталандыру, талантты оқушылардың үлкен сахнада өнер көрсетуіне ықпал жасау, өнер байқаулары арқылы жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына және өз талантын ашуына бағыт-бағдар беруді мақсат еткен.

Ұлттық өнерімізді өскелең ұрпаққа насихаттау, мәдени мұраларымызды дәріптеу бағытындағы өнер сайысына
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы қолдау көрсетті. Өнер додасына еліміздің бірнеше қала, аудандарынан 200-ге жуық жас өнерпаз қатысып, хореография, аспапта орындау, көркемсөз, вокал, дәстүрлі ән аталымдары бойынша сайысқа түсті.
Байқауға республикаға танымал мәдениет қайраткерлері, күйшілер мен дәстүрлі ән орындаушылар қазылық етті.

Қазылар алқасының құрамында театр және кино актері Ерсін Аманғалиев, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының қазақ ұлт-аспаптар оркестірінің дирижері Жамбыл Мейірбеков бар.
Сонымен, күйшілер арасында Диас Ермекбай, хореография бойынша “Қызғалдақ” би тобы, дәстүрлі ән бойынша Алмаз Битуған, көркемсөз оқудан Арманай Оңғалова, вокалдан Кәусар Аманбай бас жүлде иегері атанды. Бәрі де қаржылай сыйақылармен марапатталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...