«Қазсушар» тариф қаражаты есебінен шамамен 113 шақырым каналды бетондады

«Қазсушар» тариф қаражаты есебінен шамамен 113 шақырым каналды бетондады

Соңғы екі жарым жыл ішінде «Қазсушар» РМК 112,7 шақырым суару каналын бетондады. Бұл жұмыстар кәсіпорынның каналдар арқылы су жеткізу қызметінен түскен тариф қаражаты есебінен жүргізілді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 2024 жылы 62,1 шақырым канал бетондалса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 50,6 шақырымды құрады. Биыл тариф қаражаты есебінен Жамбыл облысында бұған дейін реконструкциядан өткен 500 шақырымнан астам суару желісін автоматтандыру жобасы іске асырылып жатыр.

«Каналдарды бетондау суару суын тасымалдау кезіндегі шығындарды азайтуға, сондай-ақ тұтынушыларға су жеткізудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік берді. Бұл вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін аса маңызды», - деді «Қазсушар» РМК бас директорының міндетін атқарушы Ануар Өскенбаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы...

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...