«Bala Protect» жобасын іске асыру аясында Абай ауданының прокуратурасы буллингтің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді

«Bala Protect» жобасын іске асыру аясында Абай ауданының прокуратурасы буллингтің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді

Іс-шара арнайы дайындалған бейнероликпен басталды. Бейнероликте құқық бұзушылықтың салдары мен адамның өмірге деген көзқарасының өзгеруі туралы сұхбаттар көрсетілді.

Іс-шараға буллинг фактілері бойынша есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары қатысты.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны, сондай-ақ заңнамада көзделген жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

Прокуратура өкілдері балаларға өзара сыйластық пен адам құқықтарын құрметтеудің маңыздылығын атап өтіп, ата-аналарға бала тәрбиесіндегі жауапкершілік пен бақылауды күшейту қажеттігін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Көптеген шағын кәсіпорын өз қызметін жалға алынған ғимаратта жүргізеді. Дүкен, сұлулық салоны, кеңсе, оқу орталығы немесе қоғамдық тамақтану орны...

Көптеген кәсіпорындардың табысы күнделікті немесе бір реттік сатылымға тәуелді. Клиент бүгін сатып алса – түсім бар, сатып алмаса – табыс азаяды....