Түркістан облысында агродрондар өндірісі іске қосылды

Түркістан облысында агродрондар өндірісі іске қосылды
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастыратын зауыт өз жұмысын бастады. Бұл жоба арқылы жылына 500 дана техника өндіруге болады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Агродрондар ауыл шаруашылығы дақылдарын бүрку жұмыстарын жүргізуге арналған. Ұшқышсыз бір аппараттың өзі 70 литрге дейін жұмыс сұйықтығын көтеріп, 5 гектарға дейінгі егіс алқабын қамтамасыз ете алады.

Жаңа технология ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге алқаптарды өңдеу тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және еңбек өнімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде компания агродрондарды жеткізуге 20 тапсырыс қабылдап үлгерді. Алдағы уақытта кәсіпорын өнім түрлерін кеңейту көзделген. Келесі жылдан бастап өрт сөндіруге және жүк тасымалдауға арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруді игеру жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Кипр Республикасын еліміздің Еуропадағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп атады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентінің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын атап өтіп,...

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр Президентінің Қазақстанға алғашқы тарихи сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңі саналатынын атап өтіп,...

– Мы признаем геополитическую важность Центральной Азии и роль Казахстана в мире. Казахстан является стратегическим партнером Европейского союза....