Шымкентте «Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысы өтуде

Шымкентте «Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысы өтуде

Шымкентте Қала күніне орай ұйымдастырылып жатқан мерекелік іс-шаралар легі республикалық ақындар айтысымен жалғасты. Дәл қазір «Түркістан» сарайында «Шырайлы, шежірелі құтты мекен…» атты республикалық ақындар айтысы өтіп жатыр. Қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған рухани шараға еліміздің әр өңірінен танымал айтыскер ақындар қатысуда.

Дүбірлі додада Жансая Мусина мен Иран-Ғайып Күзембаев, Дидар Қами мен Мейіржан Жақып, Ержан Әміров пен Біржан Байтуов, Қайырхан Жұбаниязов пен Нұрмахан Жақыпбек, Серік Қуанған мен Нұрмат Мансұр, Рауан Қайдар мен Қажымұхан Абзалов өзара жұп құрды.

Айтысты Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Аманжол Әлтай тізгіндесе, қазылар алқасына Қазақстанның халық жазушысы, қазақ айтыс өнерінің абызы Жүрсін Ерман төрағалық етуде.

Айтысты тамашалауға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналды. Залға лық толған өнерсүйер қауым ақындардың әрбір ұтымды ойы мен өткір әзілін зор қошеметпен қабылдап, ерекше ықылас танытуда. Айтыс барысында ақындар ел бірлігі, ұлттық құндылықтар, туған жерге деген сүйіспеншілік пен Шымкенттің өткені мен бүгінін жырға қосып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жатыр.

Республикалық ақындар айтысы биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылдан бастау алған бұл рухани дода енді жыл сайын Қала күні аясында дәстүрлі түрде өткізілмек. Бүгінгі айтыстың бас жүлде иегері 5 миллион теңгені қанжығасына байлайтын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкентте Қала күніне орай ұйымдастырылып жатқан мерекелік іс-шаралар легі республикалық ақындар айтысымен жалғасты. Дәл қазір «Түркістан» сарайында «Шырайлы, шежірелі...