Жетісу облысында алғашқы жаңғыртылған теміржол вокзалы ашылды

Жетісу облысында алғашқы жаңғыртылған теміржол вокзалы ашылды
Талдықорған қаласында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан ел бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жаңартылған Жетісу облысындағы алғашқы нысан, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңғырту барысында жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың қасбеті мен ішкі үй-жайлары жөнделіп, инженерлік желілер, жылу, сумен жабдықтау және электрмен қамту жүйелері жаңартылды. Сонымен қатар заманауи күту залдары жабдықталып, навигация жүйесі жетілдірілді және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалды.

Талдықорған теміржол вокзалы ел өңірлерімен жолаушылар қатынасын қамтамасыз ететін Жетісу облысының маңызды көлік нысаны болып табылады. Жобаны іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және вокзалда қолайлы әрі заманауи жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі. Ел тарихында алғаш рет теміржол инфрақұрылымының 120-дан астам нысанында құрылыс-монтаж жұмыстары бір мезгілде жүргізіліп жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласында азық-түлік саудасы мен қоғамдық тамақтану саласының тиімді жұмыс істеуі өнімдерді дұрыс сақтау және жеткізу жүйесіне байланысты. Әсіресе...

Ербол Мырзабосынов Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. 100 келіге дейінгі салмақ...

Түркістан қаласында шағын өндірісті дамыту және жергілікті кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту экономикалық өсудің маңызды бағыттарының бірі болып саналады....