Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі өтуде

Астанада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі өтуде

21–22 қараша күндері Астанада ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі – «Соғым-FEST» өтуде. Іс-шараны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Астана қаласының әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды No-comment.kz – Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңке 20 қарашада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің III форумына орайластырылған.

Жәрмеңкеде Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және еліміздің басқа да облыстарындағы фермерлік шаруашылықтар өз өнімдерін ұсынуда. Келушілерге отандық ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің кең ассортименті қолжетімді.

«Соғым-FEST» жәрмеңкесінің басты ерекшелігі – өнімдерді өндірушілердің тікелей сату форматы. Бұл қосымша делдалдарды болдырмауға, фермерлердің өнім өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге және елорда тұрғындарының сапалы отандық өнімдерге тікелей қол жеткізуіне мүмкіндік береді.

Жәрмеңке өңірлік өнімдерді ілгерілетуге, отандық мал өсірушілерді қолдауға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланысты нығайтуға арналған қосымша алаңға айналды.

Сауда 22 қараша күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Астананың төрт алаңында қатар жалғасады:

«Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б.

Автобус бағыттары: № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307, 317.

«Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1.

Автобус бағыттары: № 7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307, 317.

«Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.

Автобус бағыттары: № 2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67, 73.

«Era Bazary» – Қорғалжын тасжолы, 96.

Автобус бағыттары: № 45, 66, 305, 312, 35, 62, 36.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласында азық-түлік саудасы мен қоғамдық тамақтану саласының тиімді жұмыс істеуі өнімдерді дұрыс сақтау және жеткізу жүйесіне байланысты. Әсіресе...

Ербол Мырзабосынов Ташкентте өтіп жатқан дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. 100 келіге дейінгі салмақ...

Түркістан қаласында шағын өндірісті дамыту және жергілікті кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін кеңейту экономикалық өсудің маңызды бағыттарының бірі болып саналады....