«Мерейлі отбасы – 2026»: байқауға еліміздің барлық өңірінен 3611 өтінім келіп түсті

«Мерейлі отбасы – 2026»: байқауға еліміздің барлық өңірінен 3611 өтінім келіп түсті
«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсына қатысуға өтінім қабылдау аяқталды. Биыл байқауға еліміздің барлық өңірінен 3611 өтінім келіп түсті. Бұл отбасы құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бастамалардың қоғам тарапынан кең қолдау тауып отырғанын көрсетеді. Оның ішінде 2024 отбасы өз еркімен қатысуға өтінім берсе, 1583 отбасы жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың бастамасымен байқауға қосылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Ең көп өтінім Қарағанды және Жетісу облыстарынан, сондай-ақ Астана қаласынан түсті.

Конкурс екі кезең бойынша өтеді. Алдымен аудандық және қалалық деңгейдегі комиссиялар құжаттарды қарап, облыстық кезеңге жолдама алатын отбасыларды анықтайды. Одан кейін облыстық, республикалық маңызы бар қалалар және елорда комиссиялары республикалық кезеңге қатысатын жеңімпаздарды іріктейді.

«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсы лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі 2026 жылғы 11 қыркүйекте Астана қаласында Отбасы күні қарсаңында өтеді.

Ұлттық конкурс дәстүрлі құндылықтарды насихаттауға, отбасы институтын нығайтуға және оның қоғамдағы орнын айқындай түсуге бағытталған. Байқау өткізілген жылдар ішінде оған Қазақстанның барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттер шеңберінде өңдеуші секторды ынталандыру және офтейк-келісімшарттарды енгізу...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі бастамасын қолдаймын. Алдағы...

Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (ҚР ҰФҒО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) супраұлттық...

Түркістан қаласында өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі техникалық жабдықтардың тұрақты пайдаланылуына байланысты....