Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» қорының рейтингтерін тұрақты болжаммен растады

Fitch Ratings «Самұрық-Қазына» қорының рейтингтерін тұрақты болжаммен растады

Халықаралық Fitch Ratings агенттігі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның кредиттік рейтингісін BBB деңгейінде, болжамын «Тұрақты» деп, ал «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның рейтингісін BBB- деңгейінде, болжамын «Тұрақты» деп растады. Агенттіктің бағалауы бұрынғыдай екі ұйымға да мемлекет тарапынан қолдау көрсету ықтималдығының жоғары екеніне негізделген. «Самұрық-Қазынаның» рейтингісі егеменді рейтингісімен теңестірілген. Себебі Fitch агенттігі мемлекеттің төтенше қолдау көрсету ықтималдығын кепілдендірілген (Virtually Certain) деп бағалайды. Бұл мемлекеттің қордың жалғыз акционері болуымен, оның басшылығын тағайындауымен және қорды стратегиялық мемлекеттік міндеттерді іске асыру құралы ретінде пайдалануымен байланысты. ҚТЖ рейтингісі бір саты төмен және мемлекеттің қолдау көрсету ықтималдығының өте жоғары (Extremely Likely) екендігін, сондай-ақ компанияның дербес кредиттік бейінінің bb- деңгейінде екенін көрсетеді. ҚТЖ толығымен «Самұрық-Қазына» қоры арқылы мемлекетке тиесілі және ұлттық теміржол операторы қызметін атқарады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттер шеңберінде өңдеуші секторды ынталандыру және офтейк-келісімшарттарды енгізу...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі бастамасын қолдаймын. Алдағы...

Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы (ҚР ҰФҒО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) супраұлттық...

Түркістан қаласында өндірістік және коммерциялық кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуі техникалық жабдықтардың тұрақты пайдаланылуына байланысты....