«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық жұмыстар жалғасуда

«Заң мен Тәртіп» қағидаты және «Айқын нәтиже» жобасын жүзеге асыру мақсатында Қаратау ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы мен полиция басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен алкоголь өнімдерін заңсыз және лицензиясыз саудалаудың алдын алу және жолын кесу мақсатында алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарына тексеру жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген шара барысында алкоголь өнімдерін заңсыз және лицензиясыз саудалаудың 16 фактісі анықталды. Нәтижесінде жалпы құны 7,7 млн теңгені құрайтын 6 844 бірлік алкоголь өнімі заңсыз айналымнан алынды. Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Өз кезегінде Қаратау ауданының прокуратурасы алкоголь өнімдерін жиырма бір жасқа толмаған тұлғаларға сатуға, заңда белгіленбеген уақытта өткізуге, сондай-ақ арнайы лицензиясыз саудалауға заңмен тыйым салынғанын ескертеді. Аталған құқық бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесі түйіткілді болып тұр. Соңғы үш жылдағы көрсеткіштер...

Мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне мемлекеттік сапары аясында жасанды интеллектіні, ғылымды, цифрлық инфрақұрылымды және ғарыштық...

Қытайдағы «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының 17-ші жыл сайынғы кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли...