«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамалар және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» жөніндегі мемлекеттік қызм

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамалар және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» жөніндегі мемлекеттік қызм

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде Архивтік анықтамалар және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» туралы мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
Архивтік анықтаманы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақысын алу үшін шетелге тұрғылықты орналасуға және оңалту үшін беріледі.
Комитеттің аумақтық департаменттері қоныс аударушы азаматтардың немесе олардың туыстарының өтініштері негізінде және сенімхат берілген үшінші тұлғалардың өтініштері негізінде облыс аумағында арнайы қоныста болғаны туралы архивтік анықтамалар береді.
Аумактық департаменттермен берілген саяси қуғын-сүргін қолдану фактісін растау туралы архивтік анықтаманың негізінде облыстық прокуратурасымен оңалту туралы анықтамасы беріледі.
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдары архивтерінің шегінде архивтік анықтамаларды және/немесе архивтік құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Қағидалары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы №64 бұйрығымен реттеледі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясына» (ХҚКО) бару арқылы туыстық дәрежесін растайтын құжаттарды ұсынып өтініш береді, ал анықтаманы үшінші тұлға алған кезде (көрсетілген қызметті алушының мүддесін басқа адам білдірген кезде) нотариалды түрде куәландырылған сенімхат беру қажет.
Анықтаманың дайындалу мерзімі - 8 жұмыс күн, сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы №64 бұйрығына сәйкес, көрсетілетін қызметті алушы 1940 жылдың 1 қаңтарында 16 жасқа толмаған адамға сұрау салу жіберген кезде, сұрау салынған адамның ата-анасының деректерін көрсетеді.


Архивтік анықтамалар тек ақпараттық сипаттағы құжат емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтық жағдайын ресми түрде дәлелдейтін маңызды құжат болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің Түркістан облысы
бойынша департаментінің
қылмыстық саладағы
құқықтық ақпаратты
қалыптастыру бөлімінің
аға прокуроры
А.Т. Тасмұханбетова

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Далянь қаласында (ҚХР) «Жазғы Давос» дүниежүзілік экономикалық форумының жаңа...