Мемлекет басшысы Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады

Мемлекет басшысы Германия Федералдық экономика және энергетика министрі Катерина Райхені қабылдады

Кездесу барысында Президент Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасымен стратегиялық серіктестікті дамытуға айрықша мән беретінін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Германия – еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі.

– Екіжақты сауда және инвестициялық ықпалдастықта оң динамика байқалады. 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 8 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартылды. Оның басым бөлігі шикізаттық емес секторға тиесілі. Бүгінде елімізде неміс капиталының үлесі бар мыңнан аса компания табысты жұмыс істейді. Олардың арасында CLAAS, Horsch, Siemens, BASF, Heidelberg Materials, Siemens Energy, Knauf және Linde сияқты өнеркәсіп алпауыттары бар, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан тарапы германиялық бизнестің біздің нарыққа көбірек келуі үшін қажетті жағдай жасауға дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістер туралы әңгімеледі. Жаңа Конституцияда Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және өркендеген мемлекет ретінде даму бағытын айқындайтын негізгі қағидаттар көрініс тапқанын айтты.

Катерина Райхе екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігі үшін Президентке алғыс айтып, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі табыстарына тоқталды.

Сондай-ақ министр Қазақстан Германияның аймақтағы ірі сауда-экономикалық серіктесі саналатынын, екіжақты ықпалдастықты кеңейтудің әлеуеті мол екенін жеткізді.

Кездесуде энергетика, өнеркәсіп, цифрландыру, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу, көлік-логистика инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру перспективасына айрықша мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге және Федералдық канцлер Фридрих Мерцке ыстық ықыласын жолдады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...