Мемлекет басшысы Cameco корпорациясының атқарушы директоры Тим Гитцельді қабылдады

Мемлекет басшысы Cameco корпорациясының атқарушы директоры Тим Гитцельді қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысы аясында Cameco Corporation атқарушы директоры Тим Гитцельмен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Cameco компаниясының «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамымен уран саласындағы 30 жылдық стратегиялық серіктестігінің нәтижесіне жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өнеркәсіпті жаңғырту және қосылған құны жоғары өндірісті дамыту бағытын дәйекті түрде іске асырып келе жатқанына тоқталды. Президенттің айтуынша, ел ішінде толық ядролық отын циклін қалыптастыру басым бағыттардың бірі саналады.

Кездесуде атом саласындағы ықпалдастықты одан әрі ілгерілету, бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Парижде Франциядағы Қазақстан мәдениеті күндері аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Француз Республикасының Мәдениет министрі...

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік...

Кәсіпорынның дамуы барысында түрлі жабдықтар, құралдар мен техника сатып алынады. Алайда уақыт өте өндіріс бағыты өзгеруі, жаңа технология енгізілуі немесе белгілі бір...