Үкіметте Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы автожол жобаларының іске асырылу барысы талқыланды

Үкіметте Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Мемлекет басшысының ерекше бақылауындағы автожол жобаларының іске асырылу барысы талқыланды

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен ағымдағы жылғы 26 маусымда Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Сондай-ақ кеңес барысында Мемлекет басшысының «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» жобаларын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды.

Қойылған міндеттерді уақтылы және сапалы орындау жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын тиісті Жол картасы бекітілді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары аталған автожол жобаларын іске асыру Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша Жол картасы іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту және белгіленген мерзімдерді сақтау бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...