Президент жарлығымен Қазақстанда үш жаңа облыс құрылды

Президент жарлығымен Қазақстанда үш жаңа облыс құрылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үш жаңа облысты құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.   

Осылайша, Қазақстанда үш жаңа облыс пайда болды:

1) Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандарын, Семей және Курчатов қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысы;

2) Алматы облысының құрамынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысы;

3) Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалаларын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жезқазған қаласында орналасатын Ұлытау облысы құрылды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елімізде ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын суару каналдарын реконструкциялау және жаңғырту жобаларын жүзеге асырылып жатыр. Осы жылдың қорытындысы...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономиканы терең әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Үкімет өңдеуші...