Шымкенттік спортшы IBSA Judo Grand Prix 2026 турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Шымкенттік спортшы IBSA Judo Grand Prix 2026 турнирінде алтын медаль жеңіп алды

Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен IBSA Judo Grand Prix 2026 халықаралық турнирінде Қазақстанның пара дзюдо құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, 3 алтын және 3 күміс медаль жеңіп алды. Осы нәтижемен ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 2-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Шымкент қаласының спортшысы Ибрахим Нурмаханұлы J2 санатындағы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарының бәрінен басым түсіп, алтын медальді иеленді.

Айта кетейік, бұл – Ибрахим Нурмаханұлының халықаралық Grand Prix турнирлеріндегі қатарынан екінші алтын медалі. Осылайша шымкенттік спортшы халықаралық аренадағы тұрақты жоғары нәтижесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ