Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Франция Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды ұлттық мереке – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің айтуынша, бұл атаулы күн француз халқының бірлігін және еркіндік пен теңдік қағидаттарына бейіл екенін айшықтайды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Франциямен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықтың даму қарқынына көңілі толатынын жеткізіп, қазақ-француз байланыстарының кеңеюіне Эмманюэль Макрон айрықша үлес қосқанын айтты.

Президент Франция көшбасшысының жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас елдің халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіз, сапалы әрі мазмұнды жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша кешенді жұмысты жалғастыруда. 2026 жылы жазғы...

Жаңа топтама Жобалық кеңсе мен салалық жұмыс топтарының жұмысы барысында берілген ұсыныстарды, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын, Үкімет...