Қазақстан мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртуды жеделдетуде

Қазақстан мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғыртуды жеделдетуде

Мемлекет басшысының шекара маңы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кеңеске көлік, қаржы, өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ өкілдері қатысты.

Кеңес барысында автомобиль өткізу пункттерін қайта жаңарту және техникалық жабдықтау жобаларын іске асыру барысы қаралды.

Нұрлыбек Нәлібаев өткізу пункттерін жаңғырту елдің транзиттік әлеуетін арттырудың, бақылаудан өту уақытын қысқартудың және азаматтар мен бизнес үшін қолайлы жағдай жасаудың негізгі шарты болып табылатынын атап өтті.

Көлік министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ және ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп эскиздік жобаларды қайта қарап, қазіргі заманғы қасбеттік материалдар мен жолаушылар мен жүктер ағынын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды ескере отырып, автомобиль өткізу пункттерінің бірыңғай дизайн-кодын бекіту тапсырылды.

Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жобаларды іске асыру мерзімдеріне, құрылыс жұмыстарының сапасына бақылауды күшейту және тікелей нысандардағы жаңғырту барысына тұрақты мониторинг жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.

Автомобиль өткізу пункттерін толық ауқымды жаңғырту өткізу қабілетін бірнеше есеге ұлғайтуға, шекаралық және кедендік бақылаудан өту уақытын қысқартуға, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қазіргі заманғы және қауіпсіз жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жобаларын іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметі басшылығының ерекше бақылауында.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шанхай қаласында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев Қытай  халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу...

В Шанхае Председатель Президиума Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен» Канат Шарлапаев провел встречу с Председателем Шанхайского комитета...

Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ-ның тұрақты даму мақсатында жариялаған Халықаралық волонтерлер жылы аясында...

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық экономика моделін жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында макроэкономикалық...