Денсаулық сақтау министрлігі жүрек-қантамыр ауруларын ерте анықтау жұмыстарын күшейтуде

Денсаулық сақтау министрлігі жүрек-қантамыр ауруларын ерте анықтау жұмыстарын күшейтуде
2025 жылы артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтауға бағытталған скрининг шеңберінде 1,7 миллион адам тексеруден өтті. Нәтижесінде 114 мыңнан астам азаматта қанайналым жүйесі аурулары ерте сатысында анықталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылдан бастап скрининг бағдарламасы заманауи жоғары сезімтал диагностикалық әдістермен толықтырылды. Бұл ауруларды анықтау деңгейін арттырып, емдеуді анағұрлым ерте бастауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда жүрек-қантамыр аурулары бар шамамен 1,9 млн пациент динамикалық бақылауда тұр. Тұрақты медициналық бақылау, қауіп факторларын қадағалау және қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз ету ауыр асқынулардың туындау қаупін едәуір төмендетуге ықпал етеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қанайналым жүйесі аурулары әлемдегі өлімнің негізгі себебі болып қала береді. Жыл сайын бұл аурулар шамамен 19,8 млн адамның өмірін қиып, барлық өлім жағдайларының шамамен 32%-ын құрайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В Палате предпринимателей города Шымкента состоялся семинар, объединивший представителей бизнеса, государственных органов и экспертного сообщества....

Шанхай қаласында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев Қытай  халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу...

В Шанхае Председатель Президиума Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен» Канат Шарлапаев провел встречу с Председателем Шанхайского комитета...