Қасым-Жомарт Тоқаев Guoyou компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боянды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Guoyou компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боянды қабылдады

ҚХР, Шанхай қаласы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Guoyou Materials Industry Group Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Юй Боян порт инфрақұрылымы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективасын талқылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразияның толыққанды көлік хабына айналу жөнінде өршіл мақсат қойып отырғанын атап өтті.

Осы орайда Президент еліміздің аумағында мультимодальді портты хаб құру туралы бастаманы құптады. Guoyou Materials Group компаниясы Маңғыстау облысында Құрық көпфункционалды портын салуды жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асырудың алғашқы жылында корпорация жүк өткізу көлемін 15 миллион тоннаға дейін жеткізуді көздейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы ауқымды жобаны іске асыру теңіз бен теміржол логистикасын ұштастыра дамытып, аймақтағы көлік инфрақұрылымының өткізу ауқымын кеңейте түсетініне, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін арттыратынына сенім білдірді.

Юй Боян Мемлекет басшысына жоба жайында егжей-тегжейлі баяндап, Каспийдегі теңіз тасымалының келешегіне қатысты ой-пікірімен бөлісті. Әңгімелесу барысында портты хаб салу арқылы жұмыс орындарын ашу, саладағы кадрлық әлеуетті нығайту, қазақстандық тауар мен қызметтерді пайдалану сияқты ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге жол ашылатынына назар аударылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында...

ҚХР, Шанхай қаласы Кездесуде еліміздің көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетін нығайту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысы...

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Huawei Technologies Co., Ltd. компаниясы арасындағы стратегиялық...