Түркістан қаласындағы «Керуе сарай» туристік кешенінде қазақ музыкасының көрнекті өкілі, ән падишасы, Қазақстанның Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын ұлықтауға арналған «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтті.
Фестивальдің негізгі мақсаты – композитордың бай музыкалық мұрасын насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу, жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін қолдау және Шәмші Қалдаяқов әндерінің мәңгілік көркемдік құндылығын кеңінен таныту.
Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының қайраткерлері, өңір тұрғындары мен қала қонақтары қатысты.
Фестиваль аясында Қазақстанның танымал эстрада өнерпаздары мен жас орындаушылар Шәмші Қалдаяқовтың көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін орындады. Концерттік бағдарламада «Жігіттер» квартеті, «Melomen», «Сарын» және «Turan Boys» топтары, сондай-ақ Мөлдір Әуелбекова, Маржан Арапбаева, Алтынай Жорабаева, Досымжан Таңатаров, Әли Оқапов, Ғазизхан Шекербеков, Асқар Жүнісбеков, Қанай, Руслан Ақынбаев, Аяжан Нұрмаханбет, Маржан Ерланқызы, Данияр Барыс, Эльвира Мамытова және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті.
Іс-шара барысында қазақ ән өнерінің алтын қорына енген Шәмші Қалдаяқовтың таңдаулы шығармалары орындалып, көрермен қауымға ерекше рухани әсер сыйлады. Фестиваль композитордың шығармашылық мұрасын кеңінен дәріптеуге, ұлттық мәдениетті насихаттауға және отандық эстрада өнерінің сабақтастығын дамытуға бағытталған маңызды мәдени жоба ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
«Шәмші әндері» өнер фестивалі түркістандықтар мен қала қонақтарына, өнер сүйер қауымға ерекше шабыт, рухани байлық және көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Көпшілік Шәмші атның әндерін әншілермен бірге шырқап, композиторға құрмет көрсетті.
Түркістан облысында мәдениет пен туризмді дамытуға айрықша көңіл бөлінген. Облыс құрылған 2018 жылдан бері мәдениет үйлері 35 мәдениет нысаны ел игілігіне берілді. Түркістанда республикалық, халықаралық деңгейдегі өнер кештері мен байқаулары тұрақты өтіп келеді.
Өңірге 8 жылда 2,5 млн турист келіп 2018 жылмен салыстырғанда (2018 ж. – 186,2 мың турист, 2025 жыл 500 мың турист) салыстырғанда 2,5 есе артқан. Тарихи аумақтарға 10 миллионнан астам біркүндік келуші келген.


