Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң: тиімді басқаруға бастар қадам

Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң: тиімді басқаруға бастар қадам

2026 жылғы 1 шілдеден бастап елімізде жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң күшіне енді. Құжат мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған.

Жаңа заң мемлекеттік қызметтің сервистік моделін енгізіп, азаматтардың сұранысына жедел әрі сапалы жауап беруді басты міндет ретінде айқындайды. Сонымен қатар кадрлық процестерді толық цифрландыру көзделіп, мемлекеттік қызметке қабылдау мен мансаптық өсу жүйесінің ашықтығы артады.

Заңда жас мамандарды қолдау, тәлімгерлік институтын дамыту және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері кеңейтіліп, тұрғын үй қолдауы, жалақыны кезең-кезеңімен көтеру және еңбек құқықтарын қорғау шаралары қарастырылған.

Аталған заң мемлекеттік қызметтің кәсібилігін арттырып, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен халық сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Бұл – тиімді әрі халыққа бағдарланған мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі...

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...