Шымкентте әкімшілік рақымшылықты жүзеге асыру қорытындылары шығарылды

Шымкентте әкімшілік рақымшылықты жүзеге асыру қорытындылары шығарылды

Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының қабылдануына орай қабылданған Рақымшылық туралы заңға сәйкес, жеке тұлғалардың Заң қолданысқа енгізілген күнге (02.07.2026ж.) дейін төленбеген әкімшілік айыппұлдары есептен шығарылды.
Рақымшылық – бір реттік ізгілік шарасы болып табылады және болашақта жасалатын құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Сонымен қатар, заңның ережелері соттар қарайтын құқық бұзушылықтарға, сондай-ақ заңнамада тікелей көрсетілген өзге де санаттарға қолданылмайды.
Шымкент қаласында әкімшілік жазаларды орындау 106,9 мың іс бойынша 55 мыңнан астам азаматқа қатысты тоқтатылды.
Күші жойылған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеден асты.
Рақымшылықты іске асыру прокуратура органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы нәтижесінде қамтамасыз етілді. Ақпараттық жүйелердің интеграциясы мен мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуының нәтижесінде барлық қажетті рәсімдер азаматтардың қатысуынсыз жүзеге асырылды.
Рақымшылықты қолдану үшін азаматтарға мемлекеттік органдарға жүгіну, өтініш беру немесе қосымша құжаттар ұсыну талап етілмеді.
Мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде заңның талаптары қысқа мерзімде іске асырылып, қолданыстағы заңнама аясында азаматтардың құқықтарының сақталуы қамтамасыз етілді.

Шымкент қаласының прокуратурасы

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...