Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креаторлары 3,8 млн теңгенің өнімін сатты

Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креаторлары 3,8 млн теңгенің өнімін сатты
25-26 шілде күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креативті жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға өңірдің креативті индустриясының 50-ге жуық өкілі қатысты. Жәрмеңкеде дизайнерлік брендтер, қолөнер шеберлерінің туындылары мен заманауи шығармашылық жобалар ұсынылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Екі күн бойы сәндік-қолданбалы өнер, дизайн және авторлық шығармашылық бағытында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Жәрмеңке барысында балаларға арналған SAMGA театрының Абайдың «Болыс болдым, мінекей» шығармасы желісімен құрылған спектаклі сахналанды. Келушілер арасында Шығыс Қазақстан облысының ең көрікті туристік бағыттарының бірі бойынша екі адамға арналған жолдама ойнатылды.

Екі күн ішінде жәрмеңкеге 1 500-ге жуық адам келді. Іс-шара қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының креаторлары 3,8 млн теңгенің өнімін сатты. Келушілерге керамика, тоқыма бұйымдары, интерьер заттары, кескіндеме туындылары, ағаш пен былғарыдан жасалған қолөнер бұйымдары және кәдесый өнімдері ұсынылды.

Creative Aimaq жобасы өңірлердегі креативті индустрияларды дамытуға, жергілікті авторларды қолдауға және олардың өнімдерін нарыққа шығаруға бағытталған.

Бүгінде жоба аясында алты өңірлік креативті жәрмеңке ұйымдастырылды. Оларға 16 мыңға жуық адам қатысып, креаторлардың өнімдерін сатудан түскен жалпы табыс 25,3 млн теңгеден асты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...