Жамбыл облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттың құрылысы басталды

Жамбыл облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттың құрылысы басталды
Жамбыл облысында «ForYou Energy» ЖШС қолға алған қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын зауыттың құрылысына капсула салу рәсімі өтті. Ірі инвестициялық жоба Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы инвестициялық ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады, деп хабарлайды No-comment.kz - Жамбыл облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Жоба аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеп, электр энергиясын өндіретін заманауи кешен салынады. Жобаның жалпы құны 80 млрд теңгені құрайды. Ол екі кезеңмен іске асырылады. Бірінші кезең 2027 жылдың І тоқсанында, екінші кезең 2029 жылдың ІІІ тоқсанында пайдалануға беріледі.

Кәсіпорында Корея Республикасының озық технологиялары енгізіліп, тәулігіне 900 тоннаға дейін қатты тұрмыстық қалдық өңделеді және 20 МВт-қа дейін электр энергиясы өндіріледі. Құрылыс кезеңінде 400 адам еңбек етеді. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін кәсіпорында 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жобаның негізгі мақсаты – қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктемені азайту және «жасыл» энергетиканы дамыту. Сонымен қатар қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға басымдық беріледі. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл күзде құрылыс алаңына 1000 түп қарағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық...

С 19 июля 2026 года в Казахстане заработала новая межбанковская система мобильных платежей, которая позволяет осуществлять оплату по Единому QR-коду при оплате...