Мақтаарал ауданында «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті

Мақтаарал ауданында «Ясауи керуені» ғылыми-танымдық семинары өтті

Мақтаарал ауданында Қожа Ахмет Ясауидің рухани-философиялық мұрасын насихаттауға, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі дүниетанымның сабақтастығын дәріптеуге бағытталған «Ясауи керуені» аймақтық ғылыми-танымдық семинары өтті.

Семинарға Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері, ғалымдар, теологтар, дінтанушылар және сала мамандары қатысты.

Іс-шараны «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы директорының орынбасары Мұрат Мейірбекұлы Тастанбеков модератор ретінде жүргізді.

Семинар барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы Алтаев сөз сөйлеп, Қожа Ахмет Ясауи мұрасының рухани және тарихи маңызына тоқталды. Сонымен қатар Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, теология ғылымдарының докторы Досай Тұрсынбайұлы Кенжетай өз ой-пікірін білдірді.

Ғылыми-танымдық кездесуде «Ясауитану» ғылыми-зерттеу институтының директоры, теология ғылымдарының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а. Бауыржан Насырдинұлы Сайфунов «Қожа Ахмет Ясауидің тарихи тұлғасы және ұлттық идентификация» тақырыбында баяндама жасады.

Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, дінтанушы Сержан Қарсыбайұлы Оразбай «Ясауи хикметтеріндегі рухани құндылықтар», ал университеттің «Теология» факультетінің доценті, PhD докторы Мұхит Жылқайдарұлы Төлеген «Қожа Ахмет Иасауи ілімі және қазақ салт-дәстүрлері» тақырыптарында баяндама ұсынды.

Баяндамалар барысында Ясауи мұрасының ұлттық сана, рухани құндылықтар мен дәстүрлі мәдениеттегі орны кеңінен талқыланды.

Семинар соңында Мұрат Мейірбекұлы Тастанбеков қорытынды сөз сөйлеп, іс-шараның негізгі нәтижелерін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...