Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында президенттер стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дәйекті түрде дамып келе жатқан қазақ-тәжік қатынастарының қазіргі деңгейін жоғары бағалады. Тұрақты саяси диалогтың, сондай-ақ екі елдің үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді байланыстардың маңызы да атап өтілді.

Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге, көлік-логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды жүзеге асыруға баса назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар алдағы көпжақты форматтағы бірлескен іс-шаралардың кестесін талқылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының шикізатты терең өңдеуді дамыту және қосылған құны жоғары өнім шығаруды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде...

Мемлекет басшысы құттықтауында семсерлесушілердің ел тарихындағы тұңғыш алтын медалі спорттық шеберліктің, болаттай берік мінез бен командалық...