Түркияның SunExpress әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады

Түркияның SunExpress әуе компаниясы Қазақстанға рейстер ашады
ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың 31 шілдесінен бастап Қазақстанның әуе тасымалдары нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіреді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Рейстер аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Boeing 737 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару және ел дамуына бағыттау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру...