2026 жылғы I жартыжылдықта анықталған жалған ақша белгілері туралы

2026 жылғы I жартыжылдықта анықталған жалған ақша белгілері туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта 259 400 теңгенің 57 жалған ақша белгісін (49 банкнота және 8 монета) анықтады. Бұл 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 68,4%-ға аз (96 жалған ақша белгісі). Көбіне номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан жасалған – 22 дана, анықталған жалған ақшалардың жалпы санының – 38,6%-ы. Одан кейінгі орында номиналы 10 000 теңгелік банкнота тұр – 16 дана (28,1%), 5 000 теңгелік банкнотада – 11 дана (19,3%), қалған 14% – монеталар. Қазақстан Ұлттық Банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ұлттық валютаның сыртқы белгілеріне ұқсайтын және «ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!», «НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ» деген бөгде жазулары бар баспа өнімдерін сатып алуға болатыны туралы жарнамалар да бар екенін ескертеді. Осыған байланысты, қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде банкнотадағы жазуларға айрықша назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеріп алған жөн.

Патч элементінің көлемі жоқ және жай бояумен басып шығарылады. Ал одан сәулелердің жан-жаққа таралуы секілді голографиялық эффектіні де, номинал бейнесінің оюөрнекке ауысу құбылысын да байқай алмайсыз.

Қорғаныш жіптің динамикалық және түс ауыстыратын әсері жоқ, жарыққа тосып қарағанда біртұтас емес екеніне көз жеткізуге болады.

Шынайы банкноталарды көзбен шолып қарағанда және қолмен ұстап көргенде оңай анықтауға болатын бірқатар қорғаныш белгісі бар. Ол белгілермен Ұлттық Банктің ресми сайтынан танысуға болады: https://www.nationalbank.kz/kz/news/zashchitnye-elementy-nabanknotah-nacionalnoy-valyuty---tenge. Қазақстан Ұлттық Банкі банкноталарды қолдан жасауға қарсы жұмыстарды тұрақты жүргізіп келеді және азаматтарды қолма-қол ақшаны пайдаланғанда барынша сақ әрі мұқият болуға шақырады. Күдік туғызатын, соның ішінде сыртқы белгілері шынайы ақшаға ұқсайтын банкноталар қолға түскен жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласқан жөн.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы нәтижесінде 36 мыңға жуық жұмыскердің...

Дүниежүзілік банк, ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰ және IGME-нің бірлескен есебіне сәйкес, 2025 жылы еліміздегі неонаталдық өлім деңгейі (өмірінің алғашқы 28 күні...