Қанат Бозымбаев: «Ауыл аманаты» қаражаты жобаны тиімді іске асырып жатқан өңірлерге қайта бөлінеді

Қанат Бозымбаев: «Ауыл аманаты» қаражаты жобаны тиімді іске асырып жатқан өңірлерге қайта бөлінеді

Түркістан облысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу барысына арналған республикалық көшпелі кеңес өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

2023–2025 жылдары жоба аясында Түркістан облысында 4 223 жоба қаржыландырылып, 4 635 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар 593 жылыжай салынды, 76,8 мыңнан астам ауыл шаруашылығы малы сатып алынды, 79 қайта өңдеу кәсіпорны іске қосылды. Жоба аясында жыл сайын шамамен 80 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілуде. Жобаны іске асыру нәтижесінде облыстың 441 тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатынан шықты.

Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 583 жоба қаржыландырылып, 1 234 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Премьер-министрдің орынбасары төрағалық еткен кеңесте Үкіметтің ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын, оның ішінде «Ауыл аманаты» жобасын жүйелі түрде жүзеге асырып жатқаны атап өтілді.

Сонымен қатар кейбір өңірлерде бюджет қаражатын игеру деңгейінің төмен екені атап өтілді. Атап айтқанда, Ақмола, Атырау және Жамбыл облыстарында бұл көрсеткіш республика бойынша ең төмен деңгейде қалып отыр.

«Егер бұл жағдай өзгермесе, тамыз айының қорытындысы бойынша жобаға жауапты саяси мемлекеттік қызметшілерге қатысты тиісті шаралар қаралатын болады. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне қаражатты игеру деңгейі төмен облыстардан жобаны сапалы әрі тиімді іске асырып жатқан өңірлерге қайта бөлу мәселесін қарастыруды тапсырамын. Ал облыс әкімдіктері 2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыруға бөлінген қаражаттың ағымдағы жылдың тамыз айына дейін толық игерілуін қамтамасыз етуі тиіс», — деп қорытындылады кеңесті Қанат Бозымбаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қырғызстан, Шолпан-Ата қаласы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік...

Мемлекет басшысының Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтауы, деп хабарлайды ...

Ғылым мен жоғары білімді дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық басымдықтардың бірі. Президент тапсырмаларында білі...

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында аммиак-карбамид кешенін салу...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Үкіметте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру...