Үкіметте Маңғыстау облысында аммиак-карбамид кешенін салу жобасының іске асырылу барысы талқыланды

Үкіметте Маңғыстау облысында аммиак-карбамид кешенін салу жобасының іске асырылу барысы талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында аммиак-карбамид кешенін салу бойынша стратегиялық инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кеңеске Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның өкілдері және «KazAzot PRIME» ЖШС басшылығы қатысты.

Аммиак-карбамид кешені жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан 17 ірі инвестициялық жобаның тізбесіне кіретіні, сондай-ақ газ-химия саласын дамыту, елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту және табиғи газды терең өңдеу деңгейін арттыру үшін стратегиялық маңызға ие екені атап өтілді.

«KazAzot PRIME» ЖШС басшысы Арман Мәулешев жобаның іске асырылу барысы, жүргізіліп жатқан жұмыстар және кешен құрылысының таяудағы кезеңдері туралы хабардар етті.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары ішкі нарықты отандық минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, экспорттық әлеуетті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жобаның маңыздылығын атап өтіп, оны іске асырудың бекітілген кестесін қатаң сақтау қажеттігін баса айтты.

Кеңестің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға және мүдделі ұйымдарға туындайтын мәселелерді жедел шешуге және стратегиялық инвестициялық жобаның уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қырғызстан, Шолпан-Ата қаласы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік...

Мемлекет басшысының Қостанай облысының құрылғанына 90 жыл толуына арналған салтанатты іс-шараға қатысушыларға құттықтауы, деп хабарлайды ...

Ғылым мен жоғары білімді дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық басымдықтардың бірі. Президент тапсырмаларында білі...

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысында аммиак-карбамид кешенін салу...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Үкіметте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру...