Алматыда әлеуметтік тұрғын үйге арналған 17 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

Алматыда әлеуметтік тұрғын үйге арналған 17 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды

Алматы қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы мақсатта Алматы қаласының Құрылыс басқармасы әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 6 353 пәтерді сатып алуды жоспарлаған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда 2 717 пәтер уәкілетті органның теңгеріміне берілді. Тағы 640 пәтерді қабылдап алу жұмыстары жүргізілуде, олар бойынша қабылдау-тапсыру актілеріне қол қойылған. Жыл соңына дейін барлық пәтерді уәкілетті органның теңгеріміне толық беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында әлеуметтік кредиттік тұрғын үй құрылысы жалғасуда.

Қазіргі уақытта 2 246 пәтерге арналған 29 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Бүгінде 1 366 пәтерді қамтитын 17 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы толық аяқталды.
Оның ішінде:
• 7 тұрғын үй «Қалқаман-2» шағын ауданында;
• 10 тұрғын үй «Жас-Қанат» шағын ауданында орналасқан.

Қазіргі уақытта пайдалануға дайын тұрғын үйлер бойынша техникалық паспорттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Ал «Жас-Қанат» шағын ауданындағы 880 пәтерге арналған қалған 12 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын 2027 жылдың II тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов гонконгтық Full Vision Capital компаниясының негізін қалаушы доктор Питер Лимен кездесу...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық тауарларды қолдау және ілгерілету...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын...