Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен халық сапалы ауыз сумен қамтылды

Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен халық сапалы ауыз сумен қамтылды

Түркістан облысында Арнайы мемлекеттік қор есебінен 30 әлеуметтік нысанның құрылысына 26,4 млрд теңге бөлінген.

Бүгінгі таңда 28 жоба іске қосылып, 2 жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Өңірдегі елді-мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған ең ірі жоба - Шардара топтық су құбырының құрылысы.

Бұл нысанның 1-кезеңіндегі құрылысына 16,5 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 11,5 млрд, Арнайы қордан 5 млрд теңге бөлінген.

Аталған қаражатқа Тама учаскесінен су құбыры жүргізіліп, су сорғу станциялары, су тазарту қондырғылары орнатылды.

Нәтижесінде Шардара қаласының 32 мыңға жуық тұрғыны сапалы ауыз суға қол жеткізді.

Cоңғы 60 жыл бойы қала тұрғындарынаауыз су Шардара су қоймасының ашық көзінен берілгенін атап өту қажет.

Осылайша, қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған жобалар өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және халықтың өмір сапасын жақсартуға елеулі үлес қосуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының заңсыз шетелге шығарылған активтерді қайтару және бұл қаражатты елдің дамуына бағыттау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов гонконгтық Full Vision Capital компаниясының негізін қалаушы доктор Питер Лимен кездесу...