Осы кезеңде табиғат қорғау ұйымдары үшін орман және дала өрттерінің алдын алуға әрі оларды жедел сөндіруге арналған 1 006 бірлік заманауи арнайы техника сатып алынды. Олардың қатарында өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын автокөліктер, түрлі үлгідегі тракторлар және орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға қажетті өзге де арнайы техникалар бар.
Табиғат қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту олардың өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығын арттыруға, өрт ошақтарына ден қою уақытын қысқартуға және табиғи өрттермен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бүгінде жеткізілген техника еліміздің барлық өңіріндегі табиғат қорғау мекемелерінде белсенді пайдаланылып келеді. Ол өрт сөндіру бөлімшелерін өрт ошақтарына жедел жеткізуге, аумақтарды патрульдеуге, сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі өзге де жұмыстарды тиімді орындауға мүмкіндік береді.
«Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемдері есебінен еліміздің экологиялық қауіпсіздігін нығайтуға, орман экожүйелерін сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған экологиялық жобаларды іске асыруды жалғастыруда


