Қазақстанда жерасты суын кешенді пайдалану және басқару тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

Қазақстанда жерасты суын кешенді пайдалану және басқару тұжырымдамасы әзірленіп жатыр
Қазақстанда 2027-2040 жылдарға арналған Жерасты суын кешенді пайдалану және басқару тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, сараптамалық талқылаулар жүргізілді және мемлекеттік органдар мен сала мамандарының ұсыныстарын ескере отырып, ескертулер пысықталды. Алдағы кезеңде тұжырымдама жобасын жариялап, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу жоспарланып отыр, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Тұжырымдама жерасты су ресурстарын басқарудың заманауи жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Құжатты іске асыру жерасты суын игеру тиімділігін арттыруға, елді мекендер мен экономика салаларын ұтымды әрі тұрақты сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ су қорын сақтау мен толықтыруға мүмкіндік береді.

«Бүгінде Қазақстандағы жерасты суы зерттелгенімен, оларды жан-жақты зерделеу деңгейі әлі де жеткіліксіз. Болашағы зор көптеген учаскеде қосымша гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу, қорларды қайта бағалау және қосымша барлау жұмыстарын атқару қажет. Бұл олардың нақты әлеуетін объективті бағалауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты біз Жерасты суын кешенді пайдалану және басқару тұжырымдамасын әзірлеуге кірістік. Мемлекеттік баланс деректеріне сәйкес, еліміздегі жерасты суының пайдалануға жарамды қоры тәулігіне 43,2 млн текше метр. Алайда қазіргі таңда оның небәрі шамамен 1,5 млн текше метрі, яғни жалпы көлемнің 3,6 пайызы ғана пайдаланылып отыр», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің заңсыз иемденілген активтерді қайтару және оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін пайдалану жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру...