ОСК Төрағасы Түркістан өңіріндегі сайлау учаскелерін аралады

ОСК Төрағасы Түркістан өңіріндегі сайлау учаскелерін аралады

2026 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Н.М. Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Сапардың басты мақсаты — алдағы 2026 жылғы 23 тамызға жоспарланған ҚР Құрылтайы сайлауының өңірде қалай ұйымдастырылып жатқанын көзбен көріп, жергілікті комиссия мүшелеріне әдістемелік көмек көрсету.
Төраға өз сапары барысында Түркістан қаласындағы №133 және №951, сондай-ақ Кентау қаласындағы №39 мен №44 сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты.
Аталған учаскелерді аралау барысында Орталық сайлау комиссиясының басшысы олардың материалдық-техникалық базасын, соның ішінде дауыс беру кабиналарының, жәшіктерінің, оргтехниканың және қауіпсіздік талаптарының жай-күйін жеке өзі тексеріп шықты.
Сонымен қатар, учаскелік комиссия мүшелерімен әңгімелесіп, сайлаушылар тізімдерін нақтылау, бюллетеньдерді қабылдауға дайындық және халықпен кері байланыс орнату жұмыстарының барысымен жіті танысты.
Төраға сайлау күні келушілерге, әсіресе қария кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға максималды қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...