Алматыдағы үлкен кәсіпорындар сайлауға қатысуға шақырды

Алматыдағы үлкен кәсіпорындар сайлауға қатысуға шақырды

Алматыдағы үлкен өнеркәсіп кәсіпорынның қызметкерлері 23 тамызда өтетін құрылтайдың мүшелерін сайлауды қолдайтындарын білдіріп, қала тұрғындарын дауыс беруге белсене қатысуға шақырды.

«Казлегпром-Алматы» ЖШС мен «Асфальтобетон 1» ЖШС еңбек ұжымының өкілдері осылайша өздерінің азаматтық ұстанымын жеткізді.

Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың елдің тұрақты дамуына үлес қосуы, қоғам бірлігін нығайтуы мен экономиканың одан әрі өркендеуіне қолайлы жағдай жасауға атсалысқаны екен.

«Казлегпром-Алматы» ЖШС қызметкері Айнұр Жөкежанова жарқын болашақ бүгін қабылданатын дұрыс таңдаудан басталатынын атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпорын ұжымы адал еңбекті, бірлікті жоғары бағалап, ұлттық мүддені бәрінен биік қояды. Сондықтан олар 23 тамыз күні өтетін дауыс беруге қатысуды жоспарлап қойыпты.

Ал «Асфальтобетон 1» ЖШС қызметкері Ильшат Иминов күнделікті еңбек елдің дамуына бағытталғанын айтып, сайлауға қатысу мемлекеттің жаңғыруы мен гүлденуіне сеп болатын қадам екенін айтып отыр.

Еңбек ұжымының өкілдері алматылықтарды осы науқаннан шет қалмай, өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, 23 тамызда өтетін құрылтай мүшелерін сайлауға бір кісідей атсалысуға шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...