Шымкентте ауызсу бұрқақтары қайта іске қосылды

Шымкентте ауызсу бұрқақтары қайта іске қосылды

Шымкентте ауызсу бұрқақтары қайта іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласындағы 5 орында орналасқан ауызсу бұрқағы қайта іске қосылды. Мұндай су бұрқақтары өткен жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданының демеушілері тарапынан адам көп шоғырланатын орындарға қойылған болатын. Орнатылған бұрқақ қала тұрғындары қатарынан жылы қабылданды.

Қыс мезгілінде уақытша жабылған ауызсу бұрқақтары бүгінде қала қонақтары мен тұрғындарына Иляев - Қонаев қиылысы, Арбат саябағы, Түркістан көшесі 55, «Мацарелло» мейрамханасы алды мен Hyper House ойын-сауық орталығының маңында қайта қолжетімді болды.

Жақын күндері Әл-Фараби ауданында мұндай ауызсу бұрқақтары жаңадан тағы 6 жерге орнатылмақ. Алдағы уақытта бұрқақтар жоспарға сай орнатылады.

Осы орайда қала тұрғындары мен қонақтарынан жаздың аптап ыстығында кез-келген адам келіп сусындай алуы үшін санитарлық нормаларды сақтап, субұрқақтарды қоқысқа толтырмауды сұранамыз. Өз қаламыздың көркеюіне бірге атсалысайық! Әлбетте бұрқақтар қаламыздың көркін ашуда.

Осы бұрқақтары орналасқан Hyper House ойын-сауық орталығының маңында жәнеде Арбат саябағында  no-comment.kz ақпараттық агенттігінің қызметкерлері де болды.  «Бұрқақтарда тұрғындардың қауіпсіз әрі таза су пайдалануы үшін су сүзгісі орнатылған.Бұрқақтар кездейсоқ жұмыс істемейді, олар қажет болған жағдайда арнайы түймені басу арқылы қосылады"-, деп хабарлады no-comment.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Әлеуметтік желілерде қаламыздың тұрғындарының арасында осы орнатылған бұрқақтары бойынша қолданушылар арасында қызу талқылануда. Бір қатар қолданушылар тарапынан тұрғындарға тазалық бойынша өтініштерін көрсетуде.

 

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...