Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Сингапур Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнам мен оның отандастарын Сингапурдың ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жеделхатта бұл мереке Сингапур халқы үшін ұлттық бірліктің, мемлекет дербестігінің және орнықты дамудың айшықты белгісі ретінде ерекше мәнге ие екенін атап өткен. Сонымен қатар Қазақстан мен Сингапур арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Сингапур халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және...

Іс-шараның мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау, алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың алдын алу, мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау, сондай-ақ...