Түркістан облысындағы ең ірі су қоймасында су есебін автоматтандыру үшін датчиктер орнатылды

Түркістан облысындағы ең ірі су қоймасында су есебін автоматтандыру үшін датчиктер орнатылды
Су ресурстары және ирригация министрлігі Еуразиялық даму банкімен (ЕАДБ) және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, Шардара су қоймасындағы су есебін автоматтандыру жобасын жүзеге асырып жатыр. Жоба аясында деректерді онлайн режимде беретін 8 гидротехникалық нысанға су деңгейі мен су шығынын өлшейтін 11 датчик орнату көзделген. Бұл суды дәлірек есепке алуға және қолмен өлшеу қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде монтаждау жұмыстары толық аяқталды. Шардара көпіріне үш су есептеу құралы, «Шардара-Жетісай» көпіріне екі құралдан орнатылды. Сонымен қатар Шардара магистральдық каналына, «Тәуелсіздіктің 20 жылы» каналына, Арыс өзеніндегі гидробекетке, Қызылқұм каналындағы көпірге, сондай-ақ Көксарай контрреттегішінің су жеткізетін және су бұратын каналдарындағы көпірлерге бір-бірден құрал орнатылды.

«Шардара су қоймасындағы су есебін автоматтандыру ЕАДБ гранттық қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастаманы іске асыру су ресурстарын ашық әрі тиімді басқаруға берік технологиялық негіз қалыптастырып, төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтады және еліміздің су шаруашылығы кешенін сапалы жаңа деңгейге көтереді», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Аслан Абдраимов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің...