Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр
ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің 8,9%-ға (53,2 млн тонна) төмендеуіне және жаһандық нарықтың құбылмалылығына қарамастан, өсу орнықтылығында көрінетін оң динамикаға қол жеткізілді. Экономикалық өсу шикізаттық емес сектор есебінен қолдау тауып, Ұлттық экономика министрлігінің есептеуінше, биылғы жеті айда 5,4%-ға өскен, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Экономиканың негізгі сегменті – өңдеу өнеркәсібі – 9,0%-ға жоғары өсу қарқынын көрсетті. Бұл ретте машина жасау (22%), тамақ өнімдерін өндіру (13,9%), химия өнеркәсібі (26,9%), фармацевтика (38,5%), құрылыс материалдары (9,4%), дайын металл бұйымдары (35%) өңдеудегі өсу қарқыны бойынша көшбасшы. Құрылыста (15,3%), көлікте және қоймада (7,4%), саудада (5,9%), ауыл шаруашылығында (5%), байланыста (4,3%) айтарлықтай өсуге қол жеткізілді.

Алдыңғы жылдары экономиканың өсу қарқыны шикізат секторының динамикасына қатты тәуелді болды. Өндірудің баяулауы ЖІӨ-нің өсуін тежесе, жеделдеуі, сәйкесінше, күшті өсу қарқынына жол ашты. Өнеркәсіптік әлеуетті нығайтып, даму институттарының рөлін күшейту, транзиттік, автомобиль және теміржол инфрақұрылымын дамытып, отандық тауар өндірушілер мен ШОБ-ты қолдау, шикізаттық емес бағыттарға инвестицияларды арттыру арқылы экономиканы кезең-кезеңімен әртараптандыру соңғы жылдары экономикадағы мұнай секторының рөлін айтарлықтай төмендетті (2025 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ құрылымындағы мұнай өндіру үлесі 7,8%-ға дейін қысқарған).

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жобалық кеңсесінің...