Қарағанды облысының әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қарағанды облысының әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Өңір басшысы бүгінгі күннің ел үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін қазақстандықтар алғаш рет еліміздің бір палаталы Парламенті – Құрылтай депутаттарын сайлап жатыр.

«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін біз Құрылтайдың – еліміздің бір палаталы парламентінің депутаттарын алғаш рет таңдап жатырмыз», – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ол Мемлекет басшысы атап өткендей, «Заң және тәртіп» қағидаты, мемлекеттік институттардың тиімділігі, азаматтардың еркіне құрмет және олардың заңды құқықтарын қорғау мемлекеттің мызғымас қағидаттарына айналып келе жатқанын атап өтті.

Ермағанбет Бөлекпаев әрбір азаматтың сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ол жастарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, өз болашағы үшін дауыс беруге шақырды.

Қарағанды облысында 639 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Оның төртеуі алғаш рет өнеркәсіптік кәсіпорындарда ашылды. Екі учаске Qarmet кәсіпорнында, қалғандары Балқаштағы Kazakhmys Smelting және Нұра ауданындағы «Шұбаркөл көмір» кәсіпорындарында орналасқан.

Бұл жұмысшыларға өндірістен қол үзбей, өздерінің сайлау құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, Қарағанды облысында сайлауға қатысу әрбір тұрғын үшін қолжетімді әрі ыңғайлы болуы үшін барлық қажетті жағдай жасалған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы Құрылтайы депутаттарының алғашқы сайлауында дауыс беруге қатысты, деп...