Оның мәлімдеуінше, мүгедектігі бар жандарға сайлауға қатысуға барлық қолайлы жағдай жасалған.
«Айтулы күнде Қазақстанда болғаныма қуаныштымын. Түркі мемлекеттері ұйымы тарапынан Қазақстандағы Құрылтай сайлауын бақылаудамыз. Жалпы, миссиямыз – сайлаудағы ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес өтуін қадағалау. Түркі мемлекеттері ұйымынан бірнеше байқаушымыз осы сайлауға қатысып, миссиямызды жүзеге асырып отырмыз. 23 сайлау учаскесінде болдық. Сол жердегі бақылау нәтижесінде учаскелерде қандай да бір заңға қарсы әрекеттер тіркелмеді. Сайлау барынша ашық өтуде. Біз сайлаушылармен де сұхбаттастық. Әсіресе, мүгедектігі бар азаматтардың сайлауда өз ойларын білдіруіне өте қолайлы жағдай жасалған. Осыған куә болдық. Кейін біз сайлау учаскелеріндегі сайлаушылардың дауыс беру процесін барынша талапқа сай жүргізілгенін байқадық. Байқаушылардың да сайлау кезінде жіті бақылау жүргізгенін көрдік. Қазақстанда сайлау процесінің жақсы ұйымдастырылғанына көзіміз жетті», – деді спикер.

