Алматыда өнер иесі Айжан Нұрмағамбетова Құрылтай сайлауына қатысты

Алматыда өнер иесі Айжан Нұрмағамбетова Құрылтай сайлауына қатысты

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Айжан Нұрмағамбетова бүгін Құрылтай сайлауына қатысып, таңдау жасады.

Өнер иесі ел өміріндегі маңызды саяси науқанның әр азамат үшін маңызы зор екенін атап өтті.


«Құрылтай – елдің болашағына қатысты маңызды мәселелер талқыланатын үлкен алаң. Сондықтан әр азамат таңдауына жауапкершілікпен қарап, ел ертеңіне бей-жай қарамауы керек деп ойлаймын. Бүгін азаматтық таңдау жасадым. Еліміздің болашағы жарқын болсын», – деді Айжан Нұрмағамбетова.

Әнші қазақстандықтарды азаматтық белсенділік танытып, ел болашағына қатысты маңызды шешімнен шет қалмауға шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ