ТҮРКПА: Құрылтай сайлауы - Қазақстан үшін тарихи күн

ТҮРКПА: Құрылтай сайлауы - Қазақстан үшін тарихи күн
ТҮРКПА Қазақстан үшін тарихи сәттің куәсі болып отыр. Бұл туралы ұйымның Құқықтық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының төрағасы, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, миссия басшысы Осман Местен онлайн телемарафон барысындағы ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Құрылтай сайлауы – Қазақстанның конституциялық реформаларын одан әрі дамыту тұрғысынан өте маңызды саяси қадам. Бүгін біз Қазақстанның Конституциясына халықаралық құқық пен халықаралық сайлауға қатысты стандарттарға толықтай сәйкес жүзеге асып жатқанының куәсі болып отырмыз. Біз сайлау учаскелерін бақылап көрдік. Сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары. Құрылтай депутаттарын сайлауға азаматтардың ерекше құлшыныспен дауыс беріп жатқанын байқадық», – деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ